Қауіпсіздік

Cyber Steppe 2026: d8n ЖИ-агенттерді контурда қалай ұстайды — бақылаудың бес қабаты

2026 жылғы 10 қыркүйекте Documentolog CEO Байжан Канафин Cyber Steppe 2026 (MSSP Global) киберқауіпсіздік конференциясында «ЖИ — дос па, дұшпан ба?» панельдік сессиясына қатысты. Пікірталасқа ЦДИАӨМ бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин, Kazdream IT-холдингінің CEO Даурен Тулебаев, Datonomix CEO Виталий Тренкеншу, Tumar Distribution тең құрылтайшысы және техникалық директоры Алексей Кан және Palo Alto Networks компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Ахмет Түсіпов қатысты. Модератор — Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева.

Cyber Steppe 2026 «ЖИ — дос па, дұшпан ба?» панелі: Байжан Канафин сөз сөйлеуде

Конференция аудиториясы — ақпараттық қауіпсіздік қызметтері. Олардың кез келген ЖИ жеткізушісіне қоятын сұрағы біреу: сіздер ЖИ-ге біздің құжаттарға қолжетімділік бересіздер — оны қалай бақылайсыздар?

d8n.ai жауабы — уәде емес, архитектура. d8n-дегі ЖИ-агенттер бес қабаттан тұратын бақыланатын контурдың ішінде жұмыс істейді.

1. Деректер контурда қалады

Клиенттердің барлық деректері Қазақстан аумағындағы дата-орталықтарда сақталады және өңделеді. ЖИ-сұраныстардың негізгі көлеміне жария бұлттық сервистер емес, d8n-нің Қазақстандағы GPU-кластеріндегі жергілікті модельдер қызмет көрсетеді. Талаптары жоғары ұйымдар үшін тапсырыс берушінің жабық контурында (on-prem), оның ішінде клиенттің өз LLM-инфрақұрылымымен орналастыру мүмкіндігі бар.

2. Агент тек өзіне тиесіліні көреді

ЖИ-агенттің құқықтары қызметкерлердің құқықтарымен бірдей рөлдік қолжетімділік моделімен шектелген. Мысалы, d8n Support агенті тек қызметтік деректермен — өтініш мәртебесі, маршрут кезеңі, тіркеу нөмірі — жұмыс істейді және құжаттардың мазмұнына қолжетімділігі жоқ. Дербес деректер модельге берілгенге дейін жасырылады.

3. Адам шешім контурында қалады

Агент құжаттарға қол қоймайды, келіспейді және жүйе баптауларын өзгертпейді. Маңызды әрекеттерді пайдаланушы растайды. Human-in-the-loop қағидаты d8n-де өшіруге болатын баптау ретінде емес, архитектура деңгейінде қаланған.

4. Галлюцинация да — қауіпсіздік мәселесі

Әрбір клиент инстанциясы үшін агент тек сол клиенттің құжаттары мен конфигурацияларынан құрылған тәуелсіз білім базасында жұмыс істейді. Жауаптар «алтын стандартпен» — пайдаланушылардың кері байланысы негізінде жаңартылып, толықтырылып отыратын эталондық базамен салыстырылады. Агенттің білімі статикалық күйде қалмай, ұйыммен бірге дамиды.

5. Бәрі тексерілетін

Агенттің деректерге әрбір жүгінуі аудит журналында тіркеледі: не сұралды, жауап қандай дереккөздерге негізделді, қандай әрекет ұсынылды. Қауіпсіздік қызметіне сөзге сенудің қажеті жоқ — ол кез келген қадамды тексере алады.

Өзімізде сыналған

Бұл контурды Documentolog алдымен өз процестерінде сынап көрді: d8n Support агенті техқолдаудың типтік өтініштерін жабады, бұл қолдау командасының 70%-ын күрделі міндеттерге ауыстыруға мүмкіндік берді — адам бақылауымен.

«Контурсыз ЖИ — өзіңіз кіргізген дұшпан. Контурдағы ЖИ — рұқсаттамасы, қолжетімділік құқықтары және әр қадамы жазылатын журналы бар қызметкер. Айырмашылық модельде емес, архитектурада», — Байжан Канафин, Documentolog CEO.